Жетісу диқандарына өнім алудың тәсілдері туралы семинар ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу диқандарына өнім алудың тәсілдері туралы семинар ұйымдастырылды

17.02.2020

Қант қызылшасы, жүгері және соя. Бұл - Жетісу өңірінде стратегиялық маңызы бар дақылдар. Алматы облысында көктемгі дала жұмыстары алдында Қазақ егіншілік және тұқым шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары шаруаларға осы дақылдардан мол өнім алудың тың тәсілдерін үйретіп, оқу семинарларын өткізуде. 

Ғалымдар интенсивті технологияның тиімділігін түсіндіріп, өңір диқандарына топырақтың құнарлығын жоғалтып алмау үшін қандай тыңайтқыштарды, қай мөлшерде қолдану қажеттілігін түсіндірді. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу