АҚШ Huawei-ге жаңа айып тақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Huawei-ге жаңа айып тақты

17.02.2020

АҚШ-тың Әділет министрлігі Қытайдың технологиялық алыбы – Huawei-ге жаңа қылмыстық айып тақты. Федералдық прокурорлардың сөзінше, азиялық компания ұялмастан Америкадағы бәсекелестерінен саудалық құпияларды ұрлаған. Сол дүниелердің ішінде антенналар мен роботтарды сынайтын технологиялар бар. Оларды қолға түсіру үшін қытайлық корпорация Құрама Штаттардағы конкуренттерінің қызметкерлерін бонусқа жалдаған және бұл іске зерттеушілерді де тартты деген мәлімет бар. 

Алайда Қытай сыртқы істер министрлігі Вашингтон таққа кінәні негізсіз деп атап, оны қытайлық кәсіпорындарға қысым жасауға бағытталған әрекет деп мәлімдеді. 

Айта кетсек, қазір АҚШ еурпалық одақтастарын да 5G сымсыз интернет желісін орнатарда Huawei-дің құрал-жабдықтарын қолданбауға шақырып отыр. Трамп әкімшілігіне сенсек, Қытай компартиясы бұл телекоммуникациялық жүйені барлау жұмыстарына пайдалануы мүмкін. Бірақ ресми Бейжің мұны да үнемі жоққа шығарып келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу