Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Әлем кубогінен қола жүлде алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Әлем кубогінен қола жүлде алды

17.02.2020
Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Әлем кубогінен қола жүлде алды

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен Әлем кубогінің алтыншы кезеңі басталды. 500 м қашықтықта сынға түскен отандасымыз Абзал Әжіғалиев мәре сызығын үшінші болып кесті. Қазақстандық спортшы жарты шақырымды 41,394 секундта бағындырды.

Аталмыш доданың "алтыны" кореялық Ли Джун Сеоға бұйырса, бельгиялық Десмет Стейн екінші орын иеленді.

Хабарламаларға жазылу