Ақтөбеде екінші курс студенті пышақталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде екінші курс студенті пышақталған

16.02.2020

– Мұндай жиі болып тұра ма?

– Жиі демей-ақ қояйын, бірақ екі-үш айда болып тұрады ғой.

Бұл біздің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшіміздің 11 сынып оқушысымен диалогынан үзінді. Әңгіменің тақырыбы – соңғы уақытта осы өңірде жасөспірімдер, өрімдей жігіттердің жаппай төбелесі, бірін-бірі аяусыз пышақталуы көбейіп кетті.

«Мен де жас болдым. Кімнің жағасынан ұстамадық, кімнің тұмсығынан ұрмадық, кімнің мұрнын қанатпадық? Бірақ бізде ондай қатігездік болмады. Біреуге пышақ салу... Біреуді қыршынынан қию - өз тағдырыңа балта шабу». Ал бұл әскери-патриоттық клуб жетекшісінің сөзі.

Жақсыбек КЕМАЛ 


Хабарламаларға жазылу