Елордада «Беларусьта жасалған» тауарлар көрмесі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Беларусьта жасалған» тауарлар көрмесі ұйымдастырылды

14.08.2017

Үкімет үйіндегі кездесуден кейін қос елдің премьер-министрлері қазақ-белорусь бизнес-форумына қатысты. Шараға елімізден 200-ге жуық компания өкілдері қатысса, Белорусьтан 70 компания келген. «Бұл көрсеткіш екі елдің бір-бірімен бизнес саласындағы ынтымақтастығын арттыруға мүдделі екенін көрсетеді», - деді Бақытжан Сағынтаев. Бүгінгі таңда қазақ жерінде екі мемлекеттің 200-ден астам бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Екі ел сауда-саттық, инвестиция және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға мүдделі. Бұл үшін елімізде барлық жеңілдіктер жасалып жатыр. Бизнес үшін талап етілетін құжаттардың саны қысқарды. Қажетті қағаздарды алу үрдісі жеңілдетілді. Форум аясында «Беларусьта жасалған» тауарлар көрмесі ұйымдастырылып, қазақстандық кәсіпкерлерге үздік өнімдері көрсетілді. Көрме тамыздың 15-не дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу