![Антарктидада алғаш рет ауа температурасы +20 градустан жоғары көтерілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/14/1581658859686.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Антарктидада алғаш рет ауа температурасы +20 градустан жоғары көтерілді. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.
Бұл рекордты Бразилия ғалымдары Симор аралында тіркеді. 9 ақпанда бақылау пунктіндегі температура 20,75°С-қа дейін көтерілген.
Бұл рекорд 1982 жылы қаңтарда Сигни аралында (Оңтүстік Оркней аралдарының бөлігі) тіркелген температурадан бір градусқа жоғары. Ол кезде ауа температурасы 19,8°С болған.
«Эсперанса» ғылыми-зерттеу станциясының зерттеуі бойынша, 2020 жылдың 6 ақпанында Антарктидада ауа райы Цельсий бағамы бойынша 18,3 градусқа дейін көтерілген. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) бұл көрсеткішті рекорд деп бағалаған еді. Енді бұл ұйым бразилиялық синоптиктердің мәлімдемесін тексеріп, растауы керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Антарктидада алғаш рет ауа температурасы +20 градустан жоғары көтерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/123052/)