Бейжіңнен Алматыға 211 адам жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңнен Алматыға 211 адам жеткізілді

13.02.2020

Бүгін Бейжіңнен Алматыға тағы 211 жолаушы жеткізілді. Короновирус ошағынан құтқарылғандардың 171-і қазақстандық, 40-ы қырғыз азаматы. Медициналық тексерістен өткен отандастарымыздан короновирус симптомдары анықталған жоқ. Дегенмен олар стационарда үш күн арнайы медициналық бақылауда болады. Рейстегі Қырғызстан азаматтары Бішкекке жөнелтілді. Жалпы қаңтардың 6-нан бері Қытайдан келген 24154 адам бақылаудан өтті. Қытайдың 36 қаласынан эвакуацияланған 217 азамат бүгін ауруханадан шығарылды. Уханьнан эвакуацияланған 83 студент алдағы жексенбіде карантиннен шығарылады. Ал Жапония жағалауындағы круиздік лайнерде болған 4 қазақстандықтан жұмбақ аурудың белгілері анықталған жоқ. Вирустан дін аман.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу