ЕЭО елдері коронавируспен күресу үшін ортақ құжат бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО елдері коронавируспен күресу үшін ортақ құжат бекітті

13.02.2020

Еуразиялық экономикалық одақ елдері коронавируспен күресу үшін ортақ құжат бекітті. Оған сәйкес, мүше мемлекеттер ішінде өзара дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қажетті құрал-жабдықтарды тегін жеткізу жағы қарастырылған. Сонымен қатар қатерлі дерттің алдын-алу үшін бес елде де тиісті препараттардың бағасы өспеуі шарт. Оқшаулануы тиіс азаматтарға одақтас мемлекеттерде 14 күннен бір айға дейін болуына рұқсат. Сонымен қатар аптасына бір рет одақ аумағындағы ахуал туралы есеп тыңдалады.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу