Бүгін таңертең Ресейде шағын автобус апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, құрбандардың барлығы – Украина азаматтары.
Автобус елдің орталығындағы Псков облысында жүк машинасымен соқтығысқан. Мерт болғандар– автобустың жүргізушісі мен жеті жолаушысы. Тағы бір жолаушы мен екінші көліктің жүргізушісі тірі қалған. Олар жараланып, ауруханаға жеткізілді.
Соңғы жылдары Ресейде автобус апаттары жиілеп, былтыр олардың саны 5500-ден асқан екен.
Арыстан РЫСБЕК