Қ.Көшербаевтың төрағалығымен мемлекеттік комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Көшербаевтың төрағалығымен мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

13.02.2020

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 және Абайдың 175 жылдық мерейтойларына дайындық және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Мемлекет басшысының «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан кейін Абай мұрасын насихаттауға байланысты жұртшылықтан көптеген ұсыныс түсіп жатыр. Оны жергілікті атқарушы орган барынша ескеруі керек. Мерейтойларда ысырапшылдыққа жол бермей, керісінше ғұлама тұлғалардың еңбектерін халық арасында кеңінен насихаттаған жөн.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу