Елімізде мемлекеттік аудиторлардың жалақысы 70 пайызға артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мемлекеттік аудиторлардың жалақысы 70 пайызға артады

13.02.2020

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті осы арқылы жемқорлық фактілерінің алдын алып, жұмыс тиімділігін арттырмақшы. 

Оның үстіне қазір аудиторлардың жұмысы көбейген. Өйткені мемлекеттік мекемелердің активтерін, бюджет қаражатының игерілуі мен қандай мақсатта жұмсалғанын тексеру 6 есеге артқан. Тіпті тұңғыш рет Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудит жүргізілді. 

Есеп комитетінің айтуынша, заңбұзушылықтар анықталған. Алайда тергеу жүріп жатқандықтан, әзірге құпия ұсталып отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу