Аргентинада ақша таусылуға жақын. Сондықтан ол қарызын қайтаруға қауқарсыз. Мұны сәрсенбі күні осы елдің экономика министрі Мартин Гусман Конгресс алдында мәлімдеді. Оның айтуынша, Аргентина қазір 100 миллиард доллар борышын қайта қарауды қалайды. Соның 44 миллиарды Халықаралық валюта қорынан алынған.
Латын Америкасының үшінші экономикасы бүгінде терең дағдарыстан шыға алмай отыр. Мұнда жалпы ішкі өнім биыл тағы 1,5 пайызға құлдырайды деген болжам бар. Ал инфляция деңгейі 50 пайыздан асып кеткен.
Арыстан Рысбек