Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин алтын медаль ұтып алды

13.02.2020

Отандасымыз Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан халықаралық жарыста алтын медаль ұтып алды.

Ол 102 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қоссайыс нәтижесі бойынша 355 келіні бағындырды. Спортшымыз зілтемір көтеру кезінде үш мүмкіндігін мүлт жіберсе де, шешуші сындарда сәтті өнер көрсеті. 

Айта кетейік, бұл халықаралық турнирдің Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық мәртебесі бар. Мәселен, спортшылардың осы жарыста жинаған ұпайлары Токиодағы додаға іріктеу кезінде есептеледі.

Аманкелді Сейітхан 

Хабарламаларға жазылу