Reuters агенттігі мен Facebook желісі АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында бірлесіп, ақпараттың растығын тексеретін, әлеуметтік желідегі фейктерді анықтайтын бағдарламаны іске қосты.
Бұл бағдарлама бойынша агенттік Facebook пен Instagram-да жарияланған деректердің (фото, видео) растығына баға береді. Жоба биыл өтетін президенттік сайлауға дайындық барысында ғана емес, одан кейін да жұмыс істейді.
«Деректерді тексеру бағдарламасы жалған ақпарат таратудың алдын алады. Reuters-тың бізге қосылғанына өте қуаныштымыз. Олардың білімі мен әлеуметтік желі қолданушыларының жазбаларын тексеру тәжірибесі бізге үлкен көмек көрсетеді деп сенеміз», - дейді Facebook өкілі.
Осы орайда Reuters-тың халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы бұл бағдарламаның маңыздылығына тоқталып, жалған ақпараттың қоғамға, азаматтарға елеулі зиян келтіретінін жеткізді.