«Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы Заң жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы Заң жобасы таныстырылды

12.02.2020

Демонстрация, митинг, шеруге қатысушылардың саны 250-ден асса жергілікті әкімдіктен рұқсат сұрау керек. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері Бейбіт жиын туралы тұжырымдаманы таныстырды. Заңға өзгерту ұсынысын өткен жылы Президент Қасым-жомарт Тоқаев жауапты министрліктерге тапсырған болатын. Жаңа заң азаматтық қоғам мүшелерінің қатысуымен, 10 шақты елдің тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген. Бұрын 12 бап қаралса, қазіргі заң 21 баптан тұрады. Құжатқа мемлекеттік органдардың да құзіреті енгізілді. Енді олар жиын орындарын өздері белгілейді. Шеруді ұйымдастырушылар арнайы белгі тағып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу