Иә, елордалықтарды мазалайтын түйткілдің тағы бірі — балабақшамен қамту. Мәселен, 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемеге орналастыру әлі шешілмей тұр. Себебі, оған мемлекеттік тапсырыс қарастырылмаған. Жекеменшік балабақшалар үшін тиімсіз. Ал ата-аналар баласын 1 жастан бастап тәрбие орнына бергісі келеді.
«Білім туралы» Заң бойынша балалар мектепке дейінгі ұйымға 1 жастан бастап қабылданады. Бірақ ол үшін жергілікті атқарушы орган бөбекжай балабақша ашуы тиіс. Өкінішке орай, ондай мекеме елімізде санаулы. Мемлекеттік тапсырыс та қарастырылмаған. Ал кезекте тұрғандардың басым бөлігі-3 жасқа дейінгілер.
Бұл проблема барлық өңірге тән. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 3 жасқа дейінгі балаларды бақшамен қамту мәселесін қазір министрлік қарап жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ