Елордалықтардың көктемгі еріген қар суына алаңдауына негіз жоқ. Халық алдында есеп берген шаһар басшысы су жиналатын орындарды қатаң бақылауда ұстап отырғанын айтты. Бүгін билік пен бұқара арасында ашық диалог орнады. Тұрғындар мазалап жүрген кез келген сұрақтарына жауап ала алды.
Бас қаланың басты мәселесі – баспана. Қазір 48 мың адам кезекте тұр. Бұдан бөлек, ескі үйлерден қашан көшіретінін күтіп отырғандар да көп. Жаңаланғаны 200. Әлі 135-інің тозығы жетіп тұр. Сондай-ақ, сақалды құрылыстың жыры аяқталар емес. 76 үй бар. Бар жиған-тергенін салып жіберген 14 мың адам пәтерін күтіп жүр. Әкім үлескерлердің мәселесі 3 жылдың ішінде түбегейлі шешіледі,-деп сендірді. Ал жер үйде тұратын 280 мың елордалық қолайлы инфрақұрылымға мұқтаж.
Екі жылу электр станциясы мен жеке тұрғын үйлер қыста 4.500 миллион тонна көмір жағады. Одан ауаға 40 мың тонна зиянды зат тарайды. Жақын жылдары бұл түйткілдің түйіні толық тарқайтынын айтып әкім уәде берді.
Нысаналы ЫҒЫЛ