Жол құрылысы саласында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол құрылысы саласында маман тапшы

12.02.2020

Атап айтсақ, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальт-бетон төсеушілер, білікті механизаторлар керек. Сонымен қатар геодезия, картограф мамандар, метеорологтар, механиктер, жол шеберлері жетіспейді.

Сондықтан Түркістан облыстық «Жол сапасы» орталығы мамандары Төле би ауданына арнайы барып, мектеп оқушыларымен кездесті. Айтуларынша, жол саласындағы мамандардың жалақысы жоғары әрі әрдайым сұранысқа ие. Өйткені елімізде жыл сайын мыңдаған шақырым жол салынады, жөнделеді. 

Гүлжазира Ғалиқызы

Хабарламаларға жазылу