Ливан парламенті халық наразылығына қарамастан жаңа үкіметке сенім білдіріп дауыс берді. Шиттік «Хезболла» қозғалысынан қолдау тапқан министрлер кабинеті қаржылық құтқару жоспарын қабылдап, елді терең экономикалық дағдарыстан шығаруға уәде беріп отыр.
Ливанда премьер-министр Хасан Диаб бастаған кабинет өткен айда құрылды. Алайда,ол жұрттың бір бөлігінің көңілінен шықпады. Сондықтан кейбір тұрғындар шеруге шығып, басшылықтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр.
Арыстан Рысбек