Астанада инвестициялық форум жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада инвестициялық форум жұмысын бастады

18.07.2017

Астанада қалдықсыз, таза энергетикаға инвестиция тарту мәселесі талқыланып жатыр. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан энергетикалық инвестициялық форумға бірнеше мемлекеттің ресми тұлғалары, халықаралық қаржы институттарының сарапшылары және жеке сектордың өкілдері қатысып, өз ұсыныстарын айтуда.

Олар баламалы энергия көзінен қуат алып, жұмыс істейтін заманауи технологияларды дамыту үшін қаржы тартудың неғұрлым ұтымды тұстарын ұсынады. Нәтижесінде қоршаған ортаға зиянсыз, әрі арзан құрылғылардың өндірісіне қолдау көрсетілмек. Форум екі күнге жалғасады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу