Мемлекет басшысы волонтерлердің «Birgemiz» фронт-кеңсесін салтанатты түрде ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы волонтерлердің «Birgemiz» фронт-кеңсесін салтанатты түрде ашады

12.02.2020
Мемлекет басшысы волонтерлердің «Birgemiz» фронт-кеңсесін салтанатты түрде ашады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «ArtHUb» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі жұмысына ресми түрде бастау береді.

Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында qazvolunteer.kz онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады. 

Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.

Хабарламаларға жазылу