Жарты ғасырдан астам жөндеу көрмеген мектеп апатты жағдайда тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарты ғасырдан астам жөндеу көрмеген мектеп апатты жағдайда тұр

11.02.2020

Алматы облысында жарты ғасырдан астам жөндеу көрмеген мектеп апатты жағдайда тұр. Екіаша ауылындағы білім шаңырағына мамандар ғимаратқа сейсмикалық күшейту жүргізу қажет екенін айтады. Таулы аймақта орналасқандықтан зілзалаға шыдас бермеуі мүмкін. Ең өкініштісі үш жыл бұрын күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттар жасалған. Уақыт болса өтіп барады. Бірақ мектеп жұмыс істеп, 500-ге жуық оқушы білім алуда. Оған қоса мектепке дейінгі дайындық тобының 30-дан астам баласы тағы бар.

Қазақтың «Төлегені», актер Құман Тастанбеков, палуан Әбілсейіт Айханов сынды танымал тұлғаларды тәрбиелеп шығарған мектептің жағдайынан Парламент депутаттары да хабардар. Облыс аумағында 40-қа жуық үш ауысымды мектеп болғандықтан Екіаша білім ордасының жөнделуі кейінге шегеріліп жатуы да ғажап емес екенін айтады ұстаздар.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу