Қытайдан астанасынан елге тағы 217 азамат жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан астанасынан елге тағы 217 азамат жеткізілді

11.02.2020

Қытайдан тағы 217 Қазақстан азаматы елге эвакуцияланды. Бейжіңнен шыққан олар таңертең сағат 6ар шамасында Нұр-Сұлтан қаласына келді. Ұшақтан түсісімен жолаушыларды автобуспен көпсалалы медицина орталығына алып кетті. Ауруханада оларға бірден сараптама жүргізу жұмыстары басталды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында келушілердің ешқайсысында короновирус белгілерінің анықталмағанын жеткізді.

Аспан асты елінен келгендердің көбі студент. Араларында 22 бала бар. Оның бесеуі жасы бірге толмаған сәби.

200-ден астам адам Қытайдың 36 қаласынан жиналған. Уханьнан келгендерден айырмашылығы олар оқшауланбайды.

Сақтық шараларын бастағалы бері елімізде 140 адам жедел респираторлық вирусты инфекциямен ауырған. 113-і ауруханадан шықса, 27-сі емделіп жатыр. Қауіп жоқ. Десе де Премьер-Министр бақылауды күшейтуді, маска мен дәрілердің бағасын жасанды өсіруге жол бермеуді тапсырды.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу