Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Вьетнам арасындағы тауарайналым өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Бұл көрсеткіш осыдан 7 ай бұрын қол қойылған еркін сауда туралы келісімнің арқасында өсті. Мәскеу қаласында Еуразиялық одақ пен Вьетнам арасындағы бірлескен комитеттің алғашқы отырысы өтті. Жиында тараптар осы уақытқа дейін атқарылған істерге тоқталып, келешек жоспарды пысықтады.
Қазіргі уақытта Вьетнаммен арадағы еркін сауда келісіміне қарамастан, осы құжат негізінде алыс-беріс жүргізіп отырған барлық елдің бизнесмендеріне кедергілер көп. Енді оларды азайту үшін бірлесе қимылдап, өзара мәмілеге келу қажет. Осы және өзге де мәселелердің шешілуін тездету үшін Еуразиялық экономикалық комиссия мен Вьетнамның сауда министрлері арнайы құжатқа қол қойып, бұдан былай жүйелі жұмыс істеуге уағдаласты.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ