Қазақстандық жеңілөнеркәсіп өнімдеріне іште сұраныс жоқ. Парламенттік тыңдауға дайындық шеңберіндегі кездесуде кәсіпкерлер осы мәселені көтерді. Олардың айтуынша, мемлекеттік органдар фабрикалармен бірнеше жылға шарт жасасады. Көп ұзамай тауарға деген талаптарын өзгертеді. Сұранысқа сай келу үшін кәсіпорындар жаңа құрылғылар сатып алып, шығынға батуға мәжбүр. Тағы біраз уақыттан соң мемлекеттік орган ол тауар түрінен мүлде бас тартады. Республика бойынша жеңілөнеркәсіп өнімдерін тұтынушылардың ең ірісі осы мемлекеттік органдар. Одан бөлек ішкі нарықта жұмыс істеуге контрабанда үлкен бөгет болып отырған көрінеді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ