Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жабылды

10.02.2020

Шымкентте 3 бірдей жекеменшік оқу орнының бірігуінен құрылған Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің жұмысы тоқтады. Соның салдарынан 20 мыңдай студент енді оқуларын өзге жерде жалғастыруға мәжбүр.

Білім және ғылым министрлігі жүргізіген тексеріс барасында білім ордасының жұмысында бірқатар кемшілік анықталды. Оның негізгілері - оқу ғимараттарының талапқа сай болмауы, мұғалімдердің ғылыми ізденістерінің саяздығы, еңбектерінің баспа бетінде жарияланбауы. Сондай-ақ іс қағаздарда шикілік жіберген.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу