Атыраулық тұрғын Гүлбарам Ермұханова ерекше балаларға арналған орталық ашып, бірегей бастамасынан береке тауып отыр. Кәсібімен талайға көмегі тиген іскер ананың шағын кешенінде 20 балғын ем алады. 6 түрлі бағыт бойынша сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Кәсіпкер 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ орталық жанынан арнайы шеберхана да ашылған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлікке баулып, тегін курстар өткізіледі.
Жандос Темірғали