Canada Goose басшысы коронавирустың кесірінен миллиардер мәртебесінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Canada Goose басшысы коронавирустың кесірінен миллиардер мәртебесінен айырылды

10.02.2020
Canada Goose басшысы коронавирустың кесірінен миллиардер мәртебесінен айырылды

Күртке мен сыртқы киімдер сататын Canada Goose компаниясының атқарушы директоры Дани Рейсс коронавирустың кесірінен миллиардер мәртебесінен айырылды.

7 ақпанда компания қаржылық жылдың үшінші тоқсаны бойынша есеп өткізген. Құжатта коронавирустың өршуі сатылымға кері әсер еткені жазылған, бұл үрдіс наурыздың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Себебі вирус салдарынан сатып алушылар саны азайған. 

Осы жаңалықтардан соң компания акциялары 4 пайызға арзандады - 33,3 доллардан 31,84 долларға. 

Дани Рейсс Canada Goose компаниясының бестен бір бөлігін иемденген, оның қаражаты 1,3 миллиард доллардан 874 миллионға дейін азайды. 

ria.ru Фото:Richard Drew

Хабарламаларға жазылу