Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің таратқан мәліметі бойынша Қызылорда облысындағы 1000 км, Түркістан облысындағы 900 шақырым автожол 100 процент нормаға сай. Бірақ тақтайдай тегіс жолдардың жанында ...жол болмайтынын, болмағанда балшыққа батқан көшелерді біз білеміз ғой.
Мәселен, Қызылорда қаласының бір «ерекшелігі» - шеткері жақтарында асфальт түгілі, тас төселмеген. Жалпы, жасалған бір сюжетті жыл сайын беруге болатын жағдайлар болады.
Сыр бойының орталығының балшыққа батқан жерлері туралы былтыр дайындалған материалды салсам, айырмашылықты ешкім байқамас еді. Бірақ біз ащы күлгенімізбен, көзалдауға бармаймыз. Тағы сюжет түсірдік.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ