Елордада «Адамзаттың алыбы- хакім Абай» атты ақындар айтысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Адамзаттың алыбы- хакім Абай» атты ақындар айтысы өтеді

07.02.2020

Елордада «Адамзаттың алыбы- хакім Абай» атты ақындар айтысы өтеді. Рейтинг бойынша таңдалып алынған 16 ақын сайысқа түседі. Жыр додасы Астана концерт залында болады.

Бұл айтыстың жүлде қоры 10 миллион теңгеден асады және ол сома 1,2,3 орын алған ақындарға бөлінеді. Қаражат мемлекеттің есебінен қарастырылған. Айтысты «Nur Otan» партиясы мен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруда. Жыл соңына дейін партияның қолдауымен бірнеше айтыс өткізілмек. Алты алашқа аты мәлім Жүрсін Ерман "енді бұдан бұлай айтысқа қаржы іздеп қиналмаймыз, қаражатты табуға партия көмектеседі деп мәлімдеді. Тіпті, ақындарға берілетін қымбат көліктермен бағалы сыйлықтардан тыс, қазылар алқасына дейін қомақты қаржы төленбек. Ал, сөз өнерін бағалау бұдан былай ұпаймен емес, қызыл және көк түсті тетікті басу арқылы анықталмақ.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу