Жамбыл облысында волонтерлар қайырымдылық жобасын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында волонтерлар қайырымдылық жобасын қолға алды

07.02.2020

Жамбыл облысында «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасы қолға алынды. Оған сай жастар өңірдегі мұқтаждықтың деңгейін анықтау мақсатында 250 мың үй мен ауланы аралап, әр отбасының тұрмыс жағдайына қатысты мәліметтерді жинаған. Осы арқылы әлеуметтік карта жасақтауға 1800 волонтер тартылып, облыс орталығында 3 қайырымдылық дүкені ашылды. Онда келушілерге киім-кешек тегін беріліп, ақысыз қызмет көрсетіледі. Зат алу үшін бар болғаны жеке куәлік жеткілікті. Мұнда заттарды алып қана қоймай, өткізуге де болады. Ол үшін қаладағы ірі сауда және халық көп жиналатын орындарда арнайы жәшіктер орнатыған. Жыл басынан бері 6 тонна киім жиналып, 1 мыңнан астам отбасына таратылған.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу