В.Путин мен А.Лукашенко мұнай дауына қатысты кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В.Путин мен А.Лукашенко мұнай дауына қатысты кездесу өткізді

07.02.2020

Ресей президенті Владимир Путин мен оның белоруссиялық әріптесі Александр Лукашенко Сочиде мұнай дауына қатысты кездесу өткізіп жатыр. Соңғы уақытта бұл мемлекеттер арасында энергетика шикізат жөніндегі келіспеушіліктер жиі туындауда. Лукашенко ресейлік компаниялардың мұнай бағасын арттырғанына ашулы. Сондықтан Минск биыл Мәскеумен келісімшартты доғарды. Ал Ресей қаңтардың 1-нен бастап Беларуське қара алтын жөнелтуді тоқтатқан. Содан кейін Беларусь шикізат сатып алу мақсатында басқа елдермен келіссөздер жүргізе бастады. Солардың ішінде біздің мемлекет те бар. Минск осы дау барысында мұнайды Норвегиядан сатып алып үлгерген. Және де бұл елді АҚШ 100 пайызға энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеп отыр. Дегенмен, Лукашенко ресейлік мұнайдан бас тартпайтынын айтса да, оны тек әлемдік бағамен сатып алуға дайын екенін ескертті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу