Биыл еліміздің өңдеу секторында 2,5 проценттік өсім қамтамасыз етілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл еліміздің өңдеу секторында 2,5 проценттік өсім қамтамасыз етілмек

21.06.2017

Жаңа технологиялар мен бизнеске жасалған қолайлы жағдай кәсіпорындардың тамырына қан жүгіртті. Жаңашыл бастамалар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық компаниялар мен холдингтердің жұмысының тиімділігін арттыру жайы сөз болған еді.

Индустрияландыру игілігі Қазақстан экономикасына оң серпін берді. 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд. теңге болатын 130 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Карта жобалары өткен жылы 2,2 трлн. теңгенің өнімін өндірді. Оның 1,4 трлн. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Айта кететіні, үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында жоғары өнімділік квазимемлекеттік сатып алу, яғни, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының үлесінде.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу