Австралияда бірнеше айға созылған орман өртінен кейін елдің шығыс жағалауын тасқын жайлап жатыр. Синоптиктердің хабарлауынша, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатына бір тәулікте 275 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл – соңғы 50 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Оның кесірінен үйлер мен көшелерді су басып, қалааралық жолдар шайылды.
Нөсер жаңбыр Сиднейге де жетті. Мұнда соңғы 24 сағатта оның мөлшері 60 миллиметрден асып, дүйсенбіге дейін бұл көрсеткіш 360-қа жетуі мүмкін.
Қолайсыз ауа райы орман өртімен әлі де күресіп жатқан мамандарға септігін тигізуде. Сондықтан өрт сөндірушілер саны 42-ге дейін қысқарған жалын ошақтарын жуық арада сөндіруден үмітті.
Жансая Қапасқызы