35 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

35 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

06.02.2020

Шығыс Қазақстанда облыстық әкімдіктің екі лауазымды тұлғасы 35 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Мемлекеттіқ қызметкерлердің бірі облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болса, екіншісі әкім аппаратының заң бөліміне жетекшілік еткен. Олар жергілікті кәсіпкерден қомақты қаржыны қамқорлық жасағаны үшін алды деп айыпталуда. Нақты айтқанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорына «2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарлама» бойынша қолдау көрсеткен. Параны берген азамат та айласын асырып, бума-бума ақшаны флягтағы ұнға тығып берген. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметі бойынша, бұл осы жылдың басынан әшкере болған ең үлкен пара беру дерегі.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу