Түркияның Стамбул қаласындағы ұшақ апатында екі қазақстандық зардап шекті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Стамбул әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Стамбұу бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды.