Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды

06.02.2020
Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Орталыққа Президент Әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді. Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Хабарламаларға жазылу