Стамбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам жараланды

06.02.2020

Түркияда жолаушылар ұшағы қонарда жолдан тайып, 3 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 179-ға жетіп отыр. Оқиға Стамбұлдың Сабиха Гөкчен әуежайында сәрсенбі күні болды.  

Жалпы алғанда, бортта 183 адам отырған. Солардың алтауы – экипаж мүшелері. 

Pegasus Airlines компаниясының лайнері су жолға қатты қонғанда үшке бөлініп қалған. 

Жараланғандар дереу жақын маңдағы госпитальдерге жеткізілді. Қазір апатқа байланысты тергеу жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу