Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Қызылжар өңірінде іске кірісті. Асқар Баймұқанов - облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары. Осыған дейін жастармен жұмыс істеп келсе, енді күрделі де жауапты қызметке тағайындалды.
«Бастысы, ел сенім артқан 300 жас кадрдың қатарына табылғаным - мен үшін мәртебе, сондықтан жауапкершілігі мол жұмыстан қашпаймын», - дейді ол.
Сағындық Сәбитұлы