35 млн теңге пара алған ШҚО әкімдігінің бірқатар басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

35 млн теңге пара алған ШҚО әкімдігінің бірқатар басшысы ұсталды

06.02.2020
35 млн теңге пара алған ШҚО әкімдігінің бірқатар басшысы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшылары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

«Олар «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Аталған лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталып, Өскемен қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.


Хабарламаларға жазылу