1 сәуірге дейін тіркелмеген тұрғындар тегін медициналық көмектен қағылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 сәуірге дейін тіркелмеген тұрғындар тегін медициналық көмектен қағылады

05.02.2020

Медициналық сақтандыру жүйесінің талаптарын түсінбегендер көп. Бірі дәрігер таңдауға мүмкіндік жоқ десе, енді бірі жеке клиникаларға учаскелік маманның жолдамасын алмай барған. Бүгін сақтандыру қорының мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізе келе бірінші сәуірге дейін сақтандырылмаған тұрғындар енді медициналық тегін көмектен қағылады деп ескертті. Сондықтан әлеуметтік мәртебеңізді анықтаған жөн. Ал жеке клиникаларға бару үшін учаскелік дәрігердің нұсқауы қажет.   

Биыл Нұр-сұлтан қаласы бойынша сақтандыру қоры елордадағы 96 емханамен келісім жасап, 1 жылға 12 миллиард теңге қаржы бөлген.

Қор мамандары 1 сәуірге дейін әлеуметтік мәртебені анықтау қажет деп міндеттеп отыр. Өйткені, жеңілдігі жоқ, жұмыссыз азаматтар ертерек тіркеліп, ай сайын өз-өзіне жарна аудармаса тегін медициналық көмектен қағылады да ақылы түрде қаралуға тура келеді. Қосымша сұрақтарға 1406 нөмірлі байланыс орталығы жауап беруге дайын.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу