Енді әлеуметтік желіде лоторея ойнынын өткізуге болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді әлеуметтік желіде лоторея ойнынын өткізуге болмайды

05.02.2020

Енді әлеуметтік желілерде лотерея ойынын өткізуге болмайды. Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынған заң жобасы бүгін мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Тіпті түрлі жарнамаларда «Лотерея» сөзін ұлттық оператор ғана пайдалана алады.

Қазір әлем желіні ашып қалсаңыз ұтыс ойындарынан көз сүрінеді. Танымал блогер, вайнер, спортшылар мен шоу бизнес өкілдері ешқандай лицензиясыз пәтер, көлік, смартфондар мен ақшалай сыйлықтарды ойнатуды әдетке айналдырған. Енді мұның бәріне заңмен шектеу қойылады.

Яғни ұтыс ойындарын өткізу үшін ұлттық оператордың рұқсатын алу керек, олармен келісімге отыру шарт. Заңда ұйымдастырудың барлық тетігі көрсетілетін болды.

Заңға бағынбағандарға ағашында ескерту жасалады. Одан соң әкімшілік кодекске сай айыппұл салынады. Тіпті қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.

Сондай-ақ лотереяны ұйымдастырушы оператор түскен пайданың 15 пайызын елдегі спортты дамытуға салық ретінде беруге міндеттеледі. Бұл қазақстандықтарды әлеуметтік желі арқылы ұтыс ойындарын өткіземін деп алдап кететін алаяқтардан сақтудың бір жолы деп отыр мамандар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу