Депутаттар шет елден мал сатып алуға қарсы. Онан да қазақтың ақ бас сиырын көбейтіп, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға болатынын айтады. Мұхиттың арғы жағынан түлік тасу оңай емес, экономикалық тұрғыда да тиімсіз. Ал климатқа бейімделген етті сиырдың санын арттыруға мүмкіндік жетеді. Қазір елімізде 520 мың ақ бас сиыр бар. 10 жыл бұрын 120 мың болатын. Бірақ мамандардың айтуынша, бұл мәселе асыл тұқымды мал өсіруге ниетті шаруаның өзіне тікелей байланысты. Ірі қараны импорттай ма, әлде өз еліміздегі тұқымды көбейтіп, бордақылай ма өзі шешеді. Ал мемлекет қай-қайсысына да қолдау көрсетеді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ