Ақпараттық жүйелерді интергациялау көктемге дейін аяқталуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпараттық жүйелерді интергациялау көктемге дейін аяқталуы тиіс

04.02.2020

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интергациялау жұмысы 1 наурызға дейін аяқталуы тиіс. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин бұл шаруаның баяу іске асып жатқанын мәлімдеді.

Сондықтан премьер аты аталған министрліктерге шаруаны шапшаңдатып, көктемге дейін аяқтауды тапсырды. Өйткені олардың ақпараттық базасын біріктіру арқылы Цифрлы қазақстан бағдарламасын жандандыру қажет. Десе де қазірдің өзінде көрсеткіш жаман емес. Еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 80 проценті онлайн көрсетіледі. Енді оны жыл соңына дейін 90 пайызға жеткізу жоспарланған. Жалпы бағдарламаны іске асыруға 35 миллиард теңге жұмсалғанымен, цифрландырудың экономикалық тиімділігі 800 миллиардтан асып кеткен.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу