Адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған «Қорғау» жобасы биыл да жалғасады. Волонтер жылы қарсаңында заңдық көмек көрсету қызметінің уақыты ұзарды.
Құқықтық көмек ауыл тұрғындарына қолжетімді болу үшін аудан орталықтарында жұмыс істейді. Енді 200-ге жуық ауданда 300-ден астам заңгер халыққа тегін консультациялық көмек көрсетеді.
Өткен жылы жұмысын бастаған бұл жобаның көмегіне 20 мыңға жуық қазақстандық жүгініп, 400-ден астам тұрғынның мәселесі сот арқылы шешілген.
Раушан Сайлауқызы