Азық-түлік бағасын өсіргендер жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасын өсіргендер жазаланады

04.02.2020

Қазақ-Қытай шекарасының жабылғанын желеу етіп, бағаны әдейі өсірген сатушыларға айыппұл салынады. 

Бүгін Үкіметте Сауда және интеграция министрі коронавирусқа байланысты кейбір сатушылар азық-түлік пен өзге де тауар құнын әдейі шарықтатып жатқанын жеткізді. Бақыт Сұлтанов мұны ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған кәсіпкерлердің айласы екенін айтады. Өйткені шекара тек жолаушылар үшін ғана жабық. Ал тауар тиеген жүк көліктері екі ортадан емін-еркін өтіп жатыр. «Сондықтан алаңдауға негіз жоқ», - дейді министр. Ал бағаны негізсіз өсірген сатушылар жауапқа тартылады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу