Өткен жылы Алматы жолдарынан 600-ге жуық сынама алынып, оның 70-тен астамы талапқа сай болмай шыққан. Сондықтан асфальттердің сапасы қазір қатаң бақылауға алынған. Қаладағы толықтай автоматтандырылған зертханада тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде уақыт өткен сайын шаһардағы жолдардың жарамдылық мерзімі де ұлғая түсіпті.
Бауыржан Жақсымбет