Солтүстік Қазақстан облысында былтыр салынған жолдардың 10 пайызы сапасыз. Бұл - анықталғаны ғана. Жол сапасы активтері кәсіпорны жүргізген тексеріс барысында мердігер компаниялардың біразы жол құрылысына немқұрайлы қарағаны белгілі болды. Ол негізінен жергілікті тасжолдар.
Мамандардың айтуынша, тексеріс ұдайы жүргізіліп тұрады. Талапқа сай төселгенін анықтау үшін зертханада арнайы тексерістен өткізіледі. Мысалы, былтыр қазан айында Благовещенка-Қайранкөл бағытында салынып жатқан жолдың асфальт қабаты 6 сантиметрдің орнына 2,5 сантиметр ғана төселгені анықталды. Нәтижесінде мердігер жолды қайта жөндейтін болды.
Сағындық Сәбитұлы