Ресейден коронавирусты анықтайтын тест жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден коронавирусты анықтайтын тест жеткізілді

04.02.2020

Алматы қаласы да қауіпті вирусқа қарсы тест жұмыстарын жүргізуге дайын. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері айтты.

Олардың сөзінше, мұндай тест тексерісі екі сағатқа дейін жалғасады. Ал оның қорытындысы зертханада шығарылады. Бүгінге дейін 17 адамның қаны сараптамаға жіберіліп, ешқандай вирус анықталмаған. Күдікке ілінгендерге ЖРВИ мен тұмау диагнозы қойылған. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу