Қырғыз Республикасының Президенті С. Жээнбеков Қ.Тоқаевқа алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасының Президенті С. Жээнбеков Қ.Тоқаевқа алғыс білдірді

03.02.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Екеуара әңгіме барысында көрші елдің көшбасшысы Қытайдың Ухань қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін қазақ тарапына алғыс білдірді. Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің 2019 жылғы қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру жәйін талқылады. Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу